Роналду бір видеосы үшін 20 миллиард теңге табыс тапты Фото ашық дереккөзден. Суретте: Криштиану Роналду

Роналду 11 сағаттың ішінде 20 миллиард теңге табыс тапты

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду енді YouTube платформасында да жұлдызға айналды. Оның UR Cristiano арнасы қысқа мерзімде 17 миллионнан астам жазылушы жинап, үлкен жетістікке қол жеткізді, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Португалиялық футболшының арнасы 1 миллион жазылушыны бар болғаны бір сағат ішінде жинап, рекорд орнатты. Қазіргі таңда 17 миллионнан астам жазылушысы бар Роналду YouTube-те үлкен табыстарға қол жеткізуде.

Vesti.kz сайтының мәліметіне сүйенетін болсақ, YouTube-те арна иелері әрбір мың қаралым үшін 2-ден 12 долларға дейін табыс таба алады. Бұл дегеніміз 1 миллион қаралым үшін 1200-ден 6000 долларға дейін пайда табуға болады деген сөз. Роналдудың YouTube желісіндегі арнаға жариялаған соңғы видеосы 7,4 миллионнан астам қаралым жинап, оған 11 сағат ішінде шамамен 42 860 000 доллар (шамамен 20 миллиард теңге) табыс әкелді.

Айта кету керек, Роналдудың Instagram-дағы жазылушыларының саны 636 миллионға жетсе, Facebook-та 170 миллион, ал X (бұрынғы Twitter) платформасында 112,5 миллион жазылушысы бар.