Нұрбек Оралбайға жамбылдықтардың атынан +1 көлік instagram.com/boxingkazakhstan. Суретте: боксшы Нұрбек Оралбай

Жамбылдықтар Нұрбек Оралбайға көлік сыйға тартты

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайды Жамбыл жұрты ерекше ықыласпен күтіп алып, көлік сыйға тартты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап хабарлайды. 

Нұрбек Оралбай ерекше сән-салтанатпен күтіп алған көпшілікке өз атынан алғыс айтты. 

"Туған жеріміз Жамбыл облысына келдік. Ыстық ықыласпен күтіп алып, қолдап жатқандарыңызға рахмет. Үлкен белестер алда, мұнымен тоқтамаймыз. Келесі Олимпиада ойындарында Қазақ елін қуантамын деп ойлаймын", – деді Нұрбек Оралбай. 

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының финалында украиналық Александр Хижнякпен жұдырықтасып, 2:3 есебімен есе жіберіп қойған еді.