«Жеңіс» 18 млн, «Қайрат» 15,5 млн теңге иеленді qfl.kz

Лига кубогы аясында клубтарға қаржылай сыйақы беріледі

5-7 шілде аралығында Лига кубогының екінші туры аясындағы ойындары өтті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Лига кубогы – коммерциялық бағыттағы турнир. Жалпы жүлде қоры – 450 млн.теңге. Турнирге қатысқаны үшін әр команда 8 миллион теңге алады. Топтық кезеңдегі әр жеңіс үшін клуб қазынасы 5 млн. теңгемен толықса, ал тең нәтиже үшін 2,5 млн. теңге алады.

Турнир жеңімпазы 134 млн. теңгеге ие болады.

Ендеше Лига кубогының қатысушы клубтары екінші турдан кейін қанша табыс тапты:

1.«Жеңіс» – 18 миллион теңге;

2-5.«Қайрат» 15,5 миллион теңге;

2-5.«Қызылжар» – 15,5 миллион теңге;

2-5.«Елімай» – 15,5 миллион теңге;

2-5.«Атырау» – 15,5 миллион теңге;

6-13.«Тараз» – 13 миллион теңге;

6-13.«Ақтөбе» – 13 миллион теңге;

6-13.«Тобыл» – 13 миллион теңге;

6-13.«Ордабасы» – 13 миллион теңге;

6-13.«Каспий» – 13 миллион теңге;

6-13.«Шахтёр» – 13 миллион теңге;

6-13.«Жетісу» – 13 миллион теңге;

6-13.«Астана» – 13 миллион теңге;

14-16.«Ақжайық» – 8 миллион теңге;

14-16.«Қайсар» – 8 миллион теңге;

14-16.«Тұран» – 8 миллион теңге.

    Көп оқылды: