Станислав Черчесов Еуропа біріншілігінің басты фаворитін болжады
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Match TV арнасына берген сұқбатында Еуро-2024 турнирінде топ жаратын құраманы атады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Қазіргі уақытта Еуропа біріншілігінің жартылай финалында ойнайтын құрамалар тізімі белгілі. Алғашқы жұпта Испания мен Франция құрамалары кездессе, екінші жұпта Англия мен Нидерланд құрамалары кім мықтыны анықтайды. Ал Станислав Черчесов Франция құрамасын осы турнирдің чемпиондығынан басты үміткер команда деп есептейді.
«Франция мен Англия құрамалары финалда жолығады, ал Франция құрамасы чемпион атанады», – деді Станислав Черчесов.
Айта кетейік, Испания мен Франция құрамалары арасындағы матч 9 шілдеде сағат 23:50-де басталады. Англия мен Нидерланд құрамалары арасындағы ойын 10 шілдеде сағат 23:50-де өтеді. Ал ақтық сын 14 шілдеде Берлин қаласында болады.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?