Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері тосын мәлімдеме жасады
Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев Иван Дычко мен Баходир Жалолов ықтимал кездесуі туралы пікір білдірді, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
"Иван Дычко бабында тұрғанда біздің ауыр салмақтағы болашағынан үміт күттіретін Жалоловты жеңіп жүрді. Ол кезде Баходир ересектер арасына енді қосылған болатын. Мен Дычкоға құрметпен қараймын. Ешқандай менсінбеушілік жоқ. Бірақ Жалолов қазір Дычкомен кездессе оңай қарсылас болатыны сөзсіз. Боксты түсінетіндер Баходирдің қазіргі деңгейі қандай екенін жақсы біледі", – дейді Толқын Қылышев Sports.kz тілшісіне берген сұхбатында.
Айта кетейік, әуесқой бокста Иван Дычко өзбекстандық қарсыласымен 4 рет кездесіп, барлығында жеңіске жеткен.
-
13 қыркүйек, 2024
Ұлттық құрама еншісінде 144 медаль, оның 44-і алтын
-
13 қыркүйек, 2024
Құсбегіліктен өткен жарыстың жеңімпазына автокөлік кілті табысталды
-
13 қыркүйек, 2024
Көкпар мен көк бөрі ойындары алып тасталыну ұсынылды
-
12 қыркүйек, 2024
Қазақтар көкпардан қырғыздарды төбелесіп жеңді
-
12 қыркүйек, 2024
Қазақстандық садақшылардың триумфы: Қоржынымызда 6 медаль бар