Бақыт Сәрсекбаев: «Федерация тарапынан дұрыс жұмыс жүргізілмейді»
Бақыт Сәрсекбаев «Егемен Қазақстан» басылымына берген сұқбатында Қазақстан бокс федерациясына көңілі толмайтынын жеткізді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
«Федерация тарапынан дұрыс жұмыс жүргізілмейді. Қалыптасқан жақсы бір жүйе, ортақ мақсат жоқ. Ұлттық құраманың бапкерлер құрамы нашар. Облыстық ұйымдар қол қусырып отыр. Ешкім ешнәрсеге бас қатырғысы келмейді. Бұл саланың бұрынғы басшылығы тұсында әр өңірдің федерациясы бір-бірімен жарыса жұмыс істеп, нәтиже шығаруға талпынатын еді. Әрқайсының өз демеушілері болатын. Жаттықтырушылар лайықты жалақы алып, боксшыларды ынталандыру жағы да назардан тыс қалмайтын. Қазіргі жағдай мүлдем басқа. Көптеген облыстан тегеурінді былғары қолғап шеберлері шықпай жатыр. Кейбір жерлердегі жағдай тіптен мүшкіл», – деп пікір білдірді Бақыт Сәрсекбаев.
Сондай-ақ 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев құрама тізгінін ұстауға байланысты сауалға жауап берді
-
4 қазан, 2024
Әлімханұлы VS Михайлович: салмақтары жекпе-жекке сай ма?
-
4 қазан, 2024
Месси мен Роналду қайта кездеседі: Қашан?
-
2 қазан, 2024
Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
-
30 қыркүйек, 2024
Футзалдағы жеңіліс. Толық анализ. Қазақстан-Аргентина (1:6)