Чиро Иммобиле «Бешикташқа» ауысуда Фото: © Fabrizio Corradetti / Keystone Press Agency / Global Look Press

Түркиялық «Бешикташ» жақын уақытта Рафа Силвамен келісім-шарт жасақаннан кейін, қатарын екінші легионермен толықтыруда,- деп хабарлайды dopmedia.kz тілшісі

Ақ-қаралар 34 жасар Чиро Иммобиленің Түркияға ауысуына қатысты италиялық  «Лацио» клубымен келісімсөз жүргізуде. Жақын уақытта ойыншы Стамбулға ұшып келіп, «Бешикташпен» 2 жылдық келісім-шартқа отырады. 

Өткен маусымда Иммобиле «Лацио» үшін 43 ойын өткізіп, 11 нәтижелі соққы жасады. Transfermarkt сайтының хабарлауынша ойыншы 4 миллион еуроға бағаланды. 

Еске сала кетейік, түркиялық «Бешикташтың» намысын қазақстандық жартылай-қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов те қорғауда.