Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирге дайындалып жатыр
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатына дайындықты белсенді түрде жалғастырып жатыр, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
Әлемнің төртінші ракеткасы US Open турнирі алдында Қазақстанның әйелдер және ерлер құрамаларының капитаны Юрий Щукинмен бірге жаттығып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Елена Рыбакинаның 2019 жылдан бері бірге жұмыс істеп келген бапкері Стефано Вуковпен қоштасқанын мәлімдеген еді. Осы кезеңде Рыбакина WTA турнирлерінде сегіз рет жеңіске жетіп, 2022 жылы Уимблдонда чемпион атанған.
US Open турнирінің алғашқы кезеңінде Елена Рыбакина аустралиялық теннисші Дестани Айавамен кездеседі. Айава қазіргі уақытта WTA рейтингінде 194-орында тұр.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?