Жаңалықтар

Қонаевтың жеке күзетін басқарған кісі Назымды марапаттады (видео)

Амангелді Шабдарбаев боксшы Назым Қызайбайды марапаттады

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Амангелді Шабдарбаев Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайды марапаттады, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Амангелді Шабдарбаевтың боксшы Назым Қызайбаға орден табыстаған сәтінің бейнежазбасы Instagram желісіндегі 1bol парақшасында жарияланды.

Айта кетейік, Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының жартылай финалында Қытай спортшысы Ву Юдан 4:1 есебімен жеңіліп, қола жүлдегер атанған еді.