Қазақстандық футболшы «КАМАЗ» клубының жеңіске жетуіне көмектесті
Челниндік «КАМАЗ» ресейлік ФНЛ-дің төртінші турында мәскеулік «Родина» клубымен сырт алаңда кездесіп, 0:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды.
Матчтағы жалғыз голды Давид Караев 89-минутта соқты. Қазақстандық қорғаушы Талғат Кусяпов "КАМАЗ" клубының негізгі құрамында ойынға шығып, матч соңына дейін өнер көрсетті.
Бұл жеңіс «КАМАЗ»-дың ФНЛ-дағы алғашқы жеңісі болды.