Олимпиада-2024: қазақстандық балуандардың қарсыластары анықталды uww.org. Суретте: балуан Айдос Сұлтанғали

Грек-рим күресінен балуандар бүгін сынға түседі

Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен 4 тамызда өнер көрсететін қазақстандық балуандар Айдос Сұлтанғали мен Әлімжан Сыздықовтың қарсыластары анықталды, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Айдос Сұлтанғали (60 кг) алғашқы белдесуінде екі дүркін әлем чемпионы, қырғызстандық балуан Жоламан Шаршанбековпен күреседі. 

Балуан Әлімжан Сыздықовтың (130 кг) алғашқы қарсыласы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Еурпа чемпионы, румыниялық – Алин Алексус-Циурариу.

Грек-рим күресінен ел құрамасы сапында Айдос пен Әлімжаннан бөлек Демеу Жадыраев (77 кг), Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг) бар.