Алаңдағы «краштар»: қазақ футзалындағы келбетті жігіттер Alex Caparros - FIFA/FIFA via Getty Images. Суретте: футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншылары

Қазақ футзалындағы келбетті «краш» жігіттерге шолу

Қазақ футзалы соңғы жылдары жоғары деңгейде дамып келеді. Сұлулық пен шеберлік қатар жүретін футзал әлемінде көрермендерді өз өнерімен ғана емес, сырт келбетімен де баурап алатын ойыншылар бар. Бұл мақалада Dopmedia.kz тілшісі қазақ футзалындағы ең тартымды әрі келбетті ойыншыларға шолу жасайды.

Нарун Серіков

22 жастағы ойыншы «Қайрат» клубы сапында өнер көрсетеді. Позициясы – қақпашы.

Ақжол Дәрібай

25 жастағы ойыншы «Семей» клубы сапында доп тебеді. Позициясы – әмбебап. Биыл «Семей» құрамында ойнап, ел чемпионы атанды. Осы маусымда 3 гол соқты.

Лео

37 жастағы ойыншы латвиялық «Рига» клубында доп тебеді. Позициясы – қорғаушы. Алматылық «Қайрат» сапында 2013-2018 жылдар аралығында өнер көрсеткен. Қазіргі уақытта футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының тәжірибелі ойыншыларының бірі.

Альберт Ақбалықов

29 жастағы ойыншы ресейлік «Газпром-Югра» сапында доп тебеді. Позициясы – шабуылшы. Бұған дейін «Ақтөбе», «Қайрат» секілді клубтарда ойнаған.

Біржан Оразов

30 жастағы ойыншы «Қайрат» клубы сапында өнер көрсетеді. Позициясы – шабуылшы. Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатының сұрмергені атанған.