Түркия ұлттық құрамасының шабуылшысы, «Реал Мадрид» футбол клубының 19-жасар жұлдызы Арда Гюлер алғаш рет «KAFA Sports» YouTube-арнасына сұқбат берді. Dopmedia.kz тілшісі түрік тіліндегі сұхбатты қазақ тіліне аударып, ұсынып отыр.
«Реал Мадрид» жайлы
«Реал Мадридте» Арда Гюлер болу өте қызық. Қазірдің өзінде сол клубтың сапында ойнап жүргенімді ойласам денем тітіркеніп кетеді. «Реал Мадридте» ойнау менің балалық шағымның ең үлкен арманы еді. Өте бақыттымын.
Түркияда ойнап жүргенімде соңғы ойынымды Самсун қаласында өткізіп, кішігірім демалысқа шықтым. Сол кезде болашағым жайлы ойлай бастадым. Бір күні әкем маған «Ұлым, саған Мадридтік «Реал» қызығушылық танытуда»,-деді. Төбем көкке жетіп қатты қуандым. Бірақ, өзімді әлі кешкентай сезіндім, соның әсерінен үлкен қобалжу болды.
Модрич, Алаба, Винисиус және өзге ойыншылармен қарым-қатынасы
Барлығы маған көмектесуге дайын тұрады. Мен де табиғатымнан меннен мықты әрі білімді адамдардан көп нәрсе үйренуге тырысамын. Алғаш рет олармен танысқан кезде қобалжығанымнан сәлем берудің орынына, бірден «Танысқаныма қуаныштымын, аға»,- дегенім бар. Кейін, уақыт өте келе бәрі маған «Арда аби» (Арда аға) дей бастады. Модрич маған «аби» деген кезде таң қала беремін. Олар түрікшеден «аби» (аға) деген сөздің мағынасы шынында қандай екенін білмей айта береді. Өзім олардың есімін тікелей «Модрич» немесе «Винисиус» деп айтуға тәрбием жібермегендіктен, сұрақ қояр кезде «аби» деп қаратып сөйлеймін. Олар да содан естіп, мені «аға» деп атайды.
«Фенербахче» тарапынан реніш пайда болды
Менің трансферымнан «Фенербахче» қомақты ақша тапсын деген оймен келісімсөзді өте ұзақ уақытқа созып жібердік. Бұл жағдайға қатысты менің «Фенербахчеге» ешбір ренішім жоқ, бірақ олардың тарапынан «тағы бір жылға қалсаң болар еді ғой» деген реніш қалғандай. Мен тек өзімді шыңдау үшін және 18 жасар жас түрік ойыншысы футбол әлемінде қандай жетістікке жетіп, небір биік асуларды бағындыра алатынын әлемге көрсеткім келді.
«Реал Мадридтегі» алғашқы соққым
Аллаға шүкір, бұл сәтті ұзақ уақыт бойы күткен едім. Қарсыласымыздың қақпасына соққы жасаған сәтімде күллі әлем бір мезете тоқтап қалғандай сезілді. Футболшы ретінде жасыл алаңда тәуекелге барғанды жақсы көремін. Гол салғаннан кейін қолымды көкке көрсетіп, жүрегімді ұстап, терең тыныс алдым. Бұл қимылыммен барша сәттілік пен сәтсіздікте Алладан екенін көрсетіп, шүкіршілік еткенімді көрсетуге тырыстым. Сол кезде Винисиустың өзі қуаныштан «Арда» деп айқайлап, барша команда қасыма жүгіріп келіп құшағына алды.
ЕУРО-2024
Чемпионат кезінде өте жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деген үміттемін. Бәсекелес құрамалар да өте мықты. Олардың қатарында Португалия ұлттық құрамасын ерекше атап өткім келеді. Қолымыздан келгенше тырысатын боламыз. Бүкіл түрік халқы бізге сенім артуда.