Қазақстан атынан өнер көрсететін ресейлік теннисші жеңіске жетті Фото ашық дереккөзден. Суретте: теннисші Александр Шевченко

Александр Шевченко алғашқы айналымда жеңіске жетті

Қазақстан атынан сынға түсіп жүрген ресейлік Александр Шевченко (ATP рейтингінде 61-орында) алғаш рет АҚШ-тың ашық чемпионатынының (US Open-2024) екінші кезеңіне өтті, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Александр Шевченко 1/64 финалында Германияның өкілі Доминик Копфермен (83-орын) кездесіп, төрт сетің нәтижесінде жеңіске жетті: 6:3, 7:5, 5:7, 6:2. Бұл тартысты матч 2 сағат 56 минутқа созылды.

US Open турниріне дайындық барысында Шевченко АҚШ-та өткен екі турнирге, атап айтқанда Цинциннати мен Уинстон-Сэлемде қатысқан болатын. Алайда екеуінде де ол бірінші айналымда жеңіліп қалған еді.