ҚФФ басшысы Солтүстік Қазақстан облысына арнайы барды
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президенті Әділет Барменқұлов «ALAÑ» жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысына арнайы барды. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды.
Солтүстік Қазақстан өңіріне барған ҚФФ басшысы Әділет Барменқұлов «ALAÑ» жобасының аясында тағы бір жасыл алаңды ашуға мұрындық болды. Ашылу салтанатына облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамедов, футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов, қазақ футболының ардагері Самат Смақов қатысты.
«ALAÑ» жобасы – футбол индустриясын дамытатын ауқымды бағдарлама. Ол Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов бастамасымен кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.
«ALAÑ» жобасы аясында тағы бір алаңның тұсауы кесілді. Бұл жолы жаңа алаңды Петропавл қаласында ашып отырмыз. Облыс әкімі Ғауез Торсанұлымен бірге өңірдегі футболды дамыту мәселесін қарастырдық. Солтүстік Қазақстан футбол тұрғысынан маңызды стратегияллық аймақ. Сондықтан жасыл алаңдардың санын көбейтуіміз керек», – деді ҚФФ басшысы Әділет Барменқұлов.
Айта кетейік, аталмыш жоба аясында Алматы, Ақтөбе, Шымкент қаласы мен Жетісу облыстарында футбол алаңдары салынған болатын.
-
27 қыркүйек, 2024
Қазақтардан жеңілген Роналдудың жерлестері жылап қайтты (видео)
-
27 қыркүйек, 2024
"Бұл Өзбекстан мен Бразилияның жеңісі": бас бапкер ерекше пікір білдірді
-
27 қыркүйек, 2024
Геннадий Головкин бас хатшысын тағайындады: ол кім? (фото)