Криштиану Роналду таңқаларлық мәлімдеме жасады
«Аль-Наср» футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду өзінің ұлттық құрама сапындағы ойынына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
39-жасар футболшының айтуынша, Португалия ұлттық құрамасындағы мансабын ешкімге айтпай бір сәтте аяқтауы мүмкін.
Ұлттық құраманың намысын жасыл алаңда қорғай алатыныма қуаныштымын. Сол себепті де, ұлттық құрамадан кететін сәтімде бұл хабарды ешкімге айтпаймын. Бұл аяқ асты және ойға салынып қабылданған шешім болады,-деді Криш.
Айта кетейік, Роналду Португалия ұлттық құрамасы сапында 2003 жылдан бері ойнап келеді.