Блогер Көшпенділер ойындары туралы пікірін жазып, әлеуметтік желіде жазба қалдырған. Жазба автор ойынның имидж үшін пайдалы болғанымен, негативті спортпен жууға бағытталған манипуляция деп есептейтінін жазды.
Блогер Аршат Ораз әлеуметтік желіде "Көшпенділер ойындарының" қалай өткені туралы пікірін жазып, жазба қалдырды, - деп жазады Dopmedia.kz сайты.
Көшпенділер Ойындары - Sportswashing деп аталатын спорт манипуляциясы деп ойлаймын. Яғни елдегі проблемаларды, олқылықтарды, негативті спортпен жуу, маңызсыз жетістіктерге қуану, халықты уақытша алдай тұру дегендей.
Бірақ мойындайтын бір нәрсе бар - Ұйымдастыру өте мықты жасалған. Ашылу салтанаты, жарыстарды ұйымдастыру, жәрмеңке - концерттер, көлік қатынасы, бәрі жақсы ойластырылған. Шетелдіктер де таң қалып жатыр. Яғни ел имиджі үшін мықты іс-шара болды. Ал жергілікті халық 1 аптаға өздерін көшпенді, қазақ сезініп қалды. Басқа қаладағыларға атмосфера сезінбеген шығар, бірақ Астанада позитив вайб ұрып тұрды. Экспо кезінде мұндай болмап еді.
Жалпы өзін ақтады деп ойлаймын. Көшпенділер Ойынын тым көтеріп тастады. Басқа елдер бұдан асырып өткізе алмайды енді
-
27 қыркүйек, 2024
Қазақтардан жеңілген Роналдудың жерлестері жылап қайтты (видео)
-
27 қыркүйек, 2024
"Бұл Өзбекстан мен Бразилияның жеңісі": бас бапкер ерекше пікір білдірді
-
27 қыркүйек, 2024
Геннадий Головкин бас хатшысын тағайындады: ол кім? (фото)