Ешкі болған – Азар, көп түкірген – Роналду Carlos Rodrigues - UEFA/UEFA via Getty Images. Суретте: Криштиану Роналду

Танымал футболшылардың жұлдыз жорамалдары қандай?

Футбол тарихында өз есімін алтын әріптермен жазып кеткен бірқатар футболшы бар. Олар өздерінің бойындағы таланты мен дарынын футбол өнерінің дамуына, түрленуіне жұмсаған. Ал олардың осылайша ашылуына жұлдыз жорамалы да себеп болған деседі. Осы орайда Dopmedia.kz тілшісі танымал футболшылардың жұлдыз жорамалдарын ұсынады.

Тоқты – Роналдиньо

Футболда талант аздық етеді. Дегенмен, Роналдиньо – футбол тарихындағы ең шығармашыл әрі шебер ойыншылардың бірі. Бразилиялық футболшы жылдамдық, керемет дриблинг және қарсыластарды оңай алдап өту арқылы танымал болды. 

Торпақ – Йохан Круифф

Йохан Круифф – Нидерландтың ең үздік футболшыларының бірі. «Аякс» және «Барселона» клубтарының жұлдызы «Алтын допты» үш рет жеңіп алған. Ол 1970 жылдардағы алтын буынның мүшесі ретінде танылды. Оның ойыны керемет шеберлікпен ерекшеленетін. Басқа да атақты торпақтар қатарында Андрес Иньеста, Дэвид Бекхэм мен Деннис Бергкамп бар.

Егіздер – Джордж Бест 

«Манчестер Юнайтед» клубының аңызы Джордж Бест ерекше футболшы болды. Жылдамдығы, алаңды көру қабілеті, допты бақылауда ұстауы, керемет соққылар жасау қабілеті – бәрі оның ойын мәнерін айқындайтын қасиеттер еді. Егіздер қатарына Эрик Кантона, Оливер Кан, Стивен Джеррард және Фрэнк Лэмпард сияқты жұлдыздарды да жатқызуға болады

Шаян – Лионель Месси

Шаяндар арасында көптеген дарынды футболшы бар (Альфредо Ди Стефано, Зинедин Зидан, Гарет Бэйл және т.б.), бірақ ең үздігі – Лионель Месси. Аргентиналық жұлдыз футбол әлемін түрленідіре білген ойыншы саналады.

Арыстан – Хавьер Санетти

Хавьер Санетти – футбол әлеміндегі ең танымал ойыншылардың бірі. Аргентина футболшысы 41 жасында мансабын аяқтап, «Интер» клубының вице-президенті болды. Ол осы клубта 800-ден астам матч ойнап, жанкүйерлердің құрметіне бөленді. Арыстан белгісінде туылған өзге де атақты ойыншылар: Алан Ширер, Тьерри Анри және Рой Кин.

Бикеш – Роналдо

Роналдо футбол тарихындағы ең үздік шабуылшылардың бірі саналады. Оның жылдамдығы, күші, ойнау қабілеті мен гол соғу техникасы ерекше болды. Роналдо өз жанкүйерлерінің сүйіспеншілігіне бөленіп, «Феномен» ойыншы атанды. Бұл белгінің басқа өкілдері: Рууд Гуллит, Павел Недвед, Франц Беккенбауэр.

Таразы – Златан Ибрагимович

Златан Ибрагимовичті кім қалай атаса да, оның футболдағы таланты талас тудырмайды. Ол өзінің ерекше голдарымен көпшілікті таңғалдырып келеді. Сондай-ақ, бұл белгіде туылғандар қатарында Диего Коста, Месут Озил, Неманья Видич сынды ойыншылар бар.

Сарышаян – Пеле

Пеле футбол тарихындағы ең үздік ойыншылардың бірі болып қала береді. Ол үш рет әлем чемпионатын жеңіп алды. Сарышаян белгісіндегі өзге де танымал футболшылар: Диего Марадона, Уэйн Руни, Филипп Лам.

Мерген – Райан Гиггз

Райан Гиггз – ағылшын Премьер-лигасында өнер көрсеткен ең атақты ойыншыларының бірі. 24 маусым бойы «Манчестер Юнайтед» сапында 900-ден астам ойын өткізген валийлік ойыншы қарсыластары үшін алаңдағы ең үлкен қиындық тудырған футболшы еді.

Тауешкі – Эден Азар

Эден Азардың жылдамдығы, дриблингі және техникасы оны әлемдегі ең үздік футболшылардың қатарына қосқан еді. Бірақ соңғы жылдары Эден Азар футбол әлемінен алыстап кетті. Бұл белгінің өзге ойыншылары: Виктор Вальдес, Тони Кроос.

Суқұйғыш – Криштиану Роналду

Криштиану Роналду – суқұйғыш белгісіндегі ең танымал футболшы. Португалиялық ойыншы керемет гол соғу қабілетімен танымал және өз жетістіктерімен көптеген рекордтарды жаңартты.

Балықтар – Дидье Дрогба

«Челси» клубының бұрынғы жаттықтырушысы Жозе Моуринью Дидье Дрогбаны әлемдегі ең мықты шабуылшы деп атаған болатын. Футболшы қарсыластардың қорғаушыларына әрқашан қиындық тудыратын. Балықтар белгісінің өзге ойыншылары: Деннис Лоу, Алессандро Неста.