Зайнутдиновке іздеу жарияланды: футболшы қайда жоғалды? Ашық дереккөзден алынған

«Besiktas Sports» твиттер парақшасы пост жариялады

Танымал «Besiktas Sports» твиттер парақшасы «Бешикташ» футбол клубының ойыншысы, қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдиновке іздеу жариялады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Зайнутдинов жоғалып кетіп, іздеуге салынды!

Оқу-жаттығу жиындарында жоқ! 
Жолдастық кездесулерде жоқ! 
Жаттығуларда жоқ! 
Ойындардың негізгі де қосалқы құрамасында жоқ!

«Бешикташтан» ешбір мәлімдеме де жоқ! - дейді дереккөз. 
 

Айта кетейік, Зайнутдинов биылғы маусымда жарақатына байланысты түркиялық клуб үшін бірде бір ойын өткізген жоқ.