Көшпенділер ойындары: Мерейтойлық пошта маркасы ресми таныстырылды

Мөрлеу рəсімі ұйымдастырылды

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында «Қазақстанның мəдениеті мен спорты» аясында мерейтойлық пошта маркасын арнайы мөрлеу рəсімі өтті,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.

Рəсім барысында ДКО дирекциясының басшысы Наиль Нұров бүгінгі іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, оның мəдени мəніне ерекше тоқталды.

«5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – бұл тек спорттық іс-шара ғана емес, біздің дəстүрімізбен, мəдени мұрамызбен бірегей байланыс. Мерейтойлық пошта маркасын шығару – бұл біздің өткенімізге деген мақтаныштың жəне оны болашақ ұрпаққа жеткізуге деген ұмтылысымыздың символы. Бұл бастаманың адамдарды біріктіріп, көшпенді халықтардың мəдени дəстүрлерін сақтауға жəне дамытуға шабыттандыратынына сенеміз жəне қуаныштымыз».

 

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған мерейтойлық пошта маркасы бірегей филателиялық өнер туындысы болып табылады. Марканың авторы – Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дирекциясының маркетинг бөлімінің басшысы Серік Буксиков. Маркада ежелгі дəстүрдің сақтаушысы «Бүркітші» бейнеленген. Ол табандылық пен өзіне деген адалдықты бейнелейді. Марканың орталық элементі – көшпенділер философиясында жүзеге асырылған өмірдің айналымы мен уақыт пен кеңістіктің бірлігін бейнелейтін гофрленген шеңбер.

«5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында мерейтойлық пошта маркасын шығару – бұл тек біздің мəдени мұрамызға деген құрмет белгісі ғана емес, сонымен қатар көшпенді халықтардың дəстүрлерін сақтау мен насихаттауға қосқан елеулі үлесіміз. Біз мəдени диалогтың дамуына жəне ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға өз үлесімізді қоса алатынымызды мақтан тұтамыз», - деді «Қазпошта» АҚ Басқарма төрайымы Əсел Жанасова. 
 

Марка тиражы 5000 дана, номиналды құны – 500 теңге. Ультракүлгін бояумен жəне алтын фольгамен бедерлеу арқылы қорғаныс элементтерін қолдана отырып жасалған марка кез келген коллекцияның ажырамас бөлігіне жəне көшпенді халықтардың мəдени мұрасына деген құрметтің символына айналады.

Айта кетейік,  5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Əлемдік додаға 89 елден 2800-ге жуық қатысушы келеді деп күтілуде. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында спорттың 21 түрі бойынша 97 медальдар жиынтығы сарапқа салынады.