Тағы да пәтер ме? Елдос Сметовке жаңа үйдің кілті табысталды taunews.kz

Жаңа пәтер Алматы қаласында орналасқан

Париж-2024 Олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметовке «Saba Group KZ» компаниясы Алматы қаласынан жаңа пәтер сыйлады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Пәтер «Комфорт Сити» тұрғын үй кешенінен берілді. 

"Біз Елдос Сметов секілді чемпиондарымызбен шын жүректен мақтанамыз. Олар өз жеңістерімен көптеген қазақстандықтарға мотивация береді. Дзюдоға қолдау көрсеткеніміз- еліміздің болашағына инвестиция салғанымыз деп есептеймін",-деді компания өкілі Саурыков Алмас.