Шотландияда қазақ ойыншысын келемеждеді
Шотландиялық «Данди Старз» клубының жанкүйері «Файф Флайерз» командасында ойнайтын қазақстандық хоккейші Мәди Диханбекті матч кезінде кеоемеждегені үшін жауапқа тартылды, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
Оқиға Шотландия лигасының жаңа маусымындағы алғашқы матчында орын алды, онда «Файф Флайерз» және «Данди Старз» командалары өзара кездесті.
Әлеуметтік желілерде тараған суреттердің арқасында жанкүйердің бет-бейнесі, ол туралы ақпараттар анықталды. Нәтижесінде, «Данди Старз» клубы бұзақыны хоккей матчтарын көруден шеттету туралы шешім қабылдады.
«Данди Старз» клубы «Файф Флайерз» командасына қарсы ойын кезінде орын алған оқиға туралы хабардар болды. Қатысушы анықталып, оған матчтарға кіруге бірден тыйым салынды. Біз нәсілшілдіктің барлық түрін қатаң айыптаймыз», – делінген клубтың әлеуметтік желіде жариялаған мәлімдемесінде.
Айта кетейік, Мәди Диханбек осы жазда «Файф Флайерз» командасына ауысқан болатын. Шотландиялық клубта тағы да үш қазақстандық ойыншы – Максим Мусоров, Артур Гатиятов және Николай Шульга өнер көрсетеді.
-
9 қазан, 2024
Спортшы Айша Уәлишанның құлдықта адам ұстағаны рас па?