Футболдан Қазақстан чемпионатының басты фавориті анықталды Фото ашық дереккөзден

Чемпиондықтан басты үміткер командалар белгілі болды

Қазақстан футболыгың ардагері Юсуп Шадиев Қазақстан премьер лигасындағы чемпиондыққа талас туралы ойын ортаға салды, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

«Қазір чемпионатта үлкен бәсеке байқалады, сондай-ақ барлық команданың өткізген ойын саны да бірдей емес. «Қайрат» пен «Тобыл», «Ордабасы» мен «Ақтөбе» арасындағы тең нәтижелер турнир кестесін одан әрі күрделендірді. Барлығы командалар арасындағы тікелей кездесулерде шешіледі. Чемпиондыққа үміткерлер тізімі өте үлкен – «Ақтөбе», «Қайрат», «Ордабасы», «Астана», «Тобыл» және «Елімай». Биылғы жылы чемпион соңғы турда ғана анықталады деп есептеймін», – деді Юсуп Шадиев Sports.kz сайтына берген сұқбатында.

Айта кетейік, ҚПЛ-2024-тің 19-тур ойындары 31 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында өтеді.