Зидан? «Аль-Наср» футбол клубына жаңа бапкер келуі мүмкін Reuters

Криштиану Роналду клуб басшылығына ұсыныс білдірген екен

39-жасар "Аль-Наср" футбол клубының ойыншысы Криштиану Роналду клуб басшылығына өз тарапынан команданың бас бапкері ретінде Зинедин Зиданды көргісі келетінін мәлімдеді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

"Аль-Насрдың" бапкерге қатысты шешілмеген бірқатар мәселелері бар. Криштану өз тарапынан бапкер лауазымына Зинедин Зиданды ұсынып отыр. Клуб команданың игілігі үшін қыруар ақша құюда, алайда одан еш нәтиже жоқ. Зидан қазір Мадридте тұрып жатыр. Францияға көп саяхаттайды. Бірақ, Криш оны Саудиядан көргісі келеді",- деп жазады  "El Chiringuito de Jugones" тілшісі Эдуардо Инда

Қазіргі таңда команда бапкерінің қызметін Луиш Каштру атқаруда.