Қазақстан азаматтығын алған футболшы "Арсеналдан" кетеді Фото ашық дереккөзден

Александр Зуев қостанайлық клубқа ауысты

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Александр Зуев жақын арада ресейлік "Арсенал" клубымен қош айтысып, қостанайлық "Тобыл" сапын толықтырады деп күтілуде. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі "Серый Cardinal" Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазіргі уақытта "Арсенал" клубына тиесілі Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Александр Зуев жақын арада қостанайлықтардың қатарына қосылуы тиіс.

Оған "Ақтөбе" клубы да қызығушылық танытты, бірақ Зуев "Тобылды" жөн санады. Оның осылай таңдау жасауына осы жерде тууы әсер етті деп есептейік. Естеріңізге сала кетейік, Александр 1996 жылы Қостанайда дүниеге келген, тіпті ең алғаш футболмен сол жақта айналыса бастаған. Алайда, 2005 жылы ол Челябинскіге көшіп келді", – деп жазды дереккөз.

Айта кетейік, Александр Зуев ҚР азаматтығын алғанға дейін Ресейдің жасөспірімдер мен жастар құрамасында өнер көрсеткен. 

    Көп оқылды: