«Мұнымен бәрі біткен жоқ» — Исламхан KFF

«Ордабасы» футбол клубының жартылай қорғаушысы мәлімдеме жасады

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен Шымкенттік "Ордабасы» клубының жартылай-қорғаушысы Бауыржан Исламхан Конференциялар Лигасы аясында өткен "Дифферданжаға»  қарсы ойыннан кейін пікір білдірді,-деп хабарлайды dopmedia.kz тілшісі.

Құрметті, "Ордабасы" жанкүйерлері. Бүгінгі ойын біз үшін сәтсіз нәтижемен аяқталды. Бірақ, мұнымен бәрі біткен жоқ. Бір аптадан кейін өз  стадионымызда қарымта матч өткіземіз. Жанкүйерлерімізді асыға күтеміз. Біз сіздердің қолдауларыңызға мұқтажбыз. Алға, "Орда! - деді Бауыржан. 

Айта кетейік, Чемпиондар Лигасы аясында "Ордабасы» командасы екі ойында да «Петрокубқа» есе жіберіп, чемпионат сапынан шығып кеткен болатын.