Ғасыр футболшысы кім: Месси әлде Роналду? Фото ашық дереккөзден

Бұл тізімде Мбаппе мен Модрич те бар.

Танымал ESPN спорт басылымы ХХІ ғасырдың үздік футболшыларының рейтингін жариялады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

ESPN жариялаған рейтингтің тізгінін Аргентина құрамасының шабуылшысы әрі капитаны Лионель Месси ұстады. Ал екінші орынға "Әл-Наср" клубының ойыншысы Криштиану Роналду жайғасса, ал "Барселона" мен "Арсеналдың" бұрынғы шабуылшысы Тьерри Анри үштікті түйіндеп тұр.

ESPN нұсқасы бойынша ХХІ ғасырдың үздік 10 футболшысы:

  1. Лионель Месси (Аргентина)
  2. Криштиану Роналду (Португалия)
  3. Тьерри Анри (Франция)
  4. Зинедин Зидан (Франция)
  5. Лука Модрич (Хорватия)
  6. Килиан Мбаппе (Франция)
  7. Андрес Иньеста (Испания)
  8. Хави (Испания)
  9. Роналдо (Бразилия)
  10. Роналдиньо (Бразилия).