Бабаянды отставкаға? «Астананың» болашағына қатысты жаңа дерек пайда болды sportplustv.kz/

Клуб бапкері ауысуы мүмкін

Астаналық клуб Конференция Лигасында жеңіліс тапқан жағдайда, бас бапкер қызметін босатуы мүмкін,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі. 

ФК «Астана» норвегиялық «Бранн» клубына есе жіберсе, басшылық бас бапкердің болашақ тағдырына қатысты нақты шешім шығарады. Григорий Бабаянның орынына ресейлік бапкер Сергей Ташуев келуі мүмкін.

Ташуев осы уақытқа дейін украиналық  «Металлургты» және бірқатар ресейлік  "Салют-Энергию", "Краснодар", "Спартак-Нальчик", "Кубань", "Факел", "Ахмат", "Анжи", "Чайка" клубтарына жетекшілік еткен.