Роналдуның ықпалымен ұлттық құрама жеңіске жетті Фото: © Reuters

Португалия құрамасы Польшаны жеңіп кетті

Ұлттар лигасы аясында Португалия ұлттық құрамасы Польша командасымен кездесті. Кездесу Роналдуның жігіттерінің пайдасына аяқталды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Кездесу Варшавада өтіп, 3:1 есебімен аяқталды.  Португалия құрамасы үшін Бернарду Силва, Криштиану Роналду және Ян Беднарек гол соқты.

Осылайша, Роналду Португалия құрамасы үшін 100 ойын ойнаған алғашқы ойыншы болып тарихқа кірді.