Станислав Черчесов ашық сұқбат берді
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов команданың кеңейтілген тізіміне неліктен «қазақ Мессиі» атанған Еркеұбан Сейдахмет пен бірқатар футболшы енбегенін түсіндірді, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
«Жаңа бапкерлер штабы жұмысына жақында ғана кірісті. Ұлттық құрама бұған дейін түрлі себеппен шақырылмай жүрген ойыншылар оралды. Барлық ойыншыны бақылап жүргенімізді қайталап айтамын. Бірден бәрін шақыра алмаймыз немесе тәжірибелі ойыншының бәрін алмастыра алмаймыз. Өйткені бір бас жоғары ойыншыларды көріп тұрғанымыз жоқ. Сол үшін тепе-теңдік сақтау қажет. Жақсы ойнап жүрген футболшыларды бақылауда ұстаймыз. Керемет гол соғып жүрген Ульшин кеңейтілген тізімде. Нақты тізімге ілінбесе де, кез келген сәтте шақырып қалуымыз мүмкін.
Жанкүйерлер тарапынан сұрақ үнемі болады. Бұл жақсы үрдіс. Сұрауы көп болғаны, демек команда үшін уайымдайды деген сөз. Қазақстан – миллиондаған тұрғыны бар ел, сондықтан бәрінде бірдей пікір болуы мүмкін емес. Бұл біздің бірінші жиын екенін қайталап айтқым келеді. Ең бастысы, футболшылар командасынан жақсы көңіл-күй мен жарақатсыз келсе болғаны», – деді Станислав Черчесов ҚФФ-ның ресми сайтына берген сұқбатында.
Айта кетейік, 6 қыркүйекте Норвегия құрамасы Алматыдағы Орталық стадионда Қазақстанға қарсы ойнаса, 9 қыркүйекте өз алаңында Аустриямен кездеседі.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?