Тағы бір адам қолға түсті: Талғардағы трагедияға қатысы бар күдікті ұсталды Фото-коллаж Dopmedia.kz

Талғардағы оқиғаға байланысты бір күдікті ұсталды

Талғардағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты оқиға бойынша тағы бір адам ұсталды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Алматы облысының полициясына сілтеме жасап хабарлайды.

17 қазанда кәмелетке толмаған Ш.Болатты өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу барысында тағы бір күдікті – К. есімді азамат ұсталды.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізу жалғасуда. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің бақылауында.