Есеп астаналықтардың пайдасына 3:0 болып аяқталды
Бүгін, 29 тамыз күні футболдан Конференциялар Лигасы аясында «Астана» футбол клубы норвегиялық «Браннмен» кездесті,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.
Кездесу астаналық клубтың пайдасына 3:0 есебімен аяқталып, Конференциялар Лигасының топтық кезеңіне тікелей жолдама ұтып алды.
Қазақстандық клубтың құрамында екі голмен айрықша көзге түскен Джеффри Чинеду болды. Ол ойынның 60-шы және 80-ші минуттарында қарсылас қақпаға соққы жасап, есепті 2:0 етті. Қосымша берілген уақытта Рамазан Каримов тағы бір соққы жасап (90+1), ойынды 3:0 есебімен сәтті аяқтады.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?