"Ордабасы" футбол клубының бас бапкері отставкаға кетеді - БАҚ "Ордабасы" ФК

Чемпиондыққа таласу мүмкіндігі айтарлықтай төмендеді

Футболдан ел чемпионы атағы бар «Ордабасы» клубы қатарынан екі матчта жеңілгеннен кейін турнир кестесінде екінші орынға төмендеді. Осыған байланысты, чемпиондық атағын сақтап қалу мүмкіндігі де азайып отыр, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Соңғы матчында «Ордабасы» өз алаңында ҚПЛ аутсайдері «Жеңіске» 1:2 есебімен жол берді. Маңызды кездесуде ұпай жоғалтқаннан кейін клубтың бас бапкері отставкаға кетуге шешім қабылдаған. Meta-ratings.kz сайтының мәліметінше, маман арызын да жазып қойған.

Кекер «Ордабасыға» қысқа мерзімге келген еді. Ол маусым ортасында Александр Седневті алмастырған.

Шымкенттік клуб бұған дейін сырт алаңда «Тобылдан» жеңіліп, одан кейін өз алаңында басты қарсыласы – «Астанаға» да есе жіберді. Нәтижесінде, чемпиондыққа таласу мүмкіндігі айтарлықтай төмендеді. Биыл бұл титул үшін «Қайрат» пен «Астана» күресетін болады.