Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы екі елде төленетін айлық көрсеткішін салыстырды
Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы, «Ахмат» футбол клубының ойыншысы Максим Самородов Қазақстан мен Ресей елдерінің айлық көрсеткішін салыстырды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
«РПЛ-де көп төлейтін шығар. Жаңалықтарға қарап, Ресей футболшыларына саннан шатасарлық айлық төленетініне таң қаласың. Біздің елден екі-үш есе көп төлейді. Бұл менің жеке пікірім. Әр футболшының нақты қанша айлық алатыны маған белгісіз. Мен «Ахматқа» өз шартымды айттым, олар қабылдады. Бастарына шықпадым, тек аздап көбірек сұрадым»,- деді Самородов MetaRatings.Kz берген сұхбатында.
Самородовтың «Ахматпен» келісімшарты 2028 жылдың маусым айына дейін жасалған.