Паралимпиада-2024: Қазақстандық волейболшы рекорд орнатты

Пердебай Намуратов Парижде рекорд орнатты

Париж қаласында Паралимпиада-2024 ойындары аясында қазақстандық волейболшы Пердебай Намуратов таң қаларлық рекорд орнатты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі ProSports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

31 тамызда Босния мен Герцеговина командасына қарсы ойында Намуратов командаға 31 ұпай жинады. Әзірге бұл барлық матчтардан кейінгі қазіргі Паралимпиададағы ең жақсы көрсеткіш.

Дей тұрғанмен, бұл көрсеткіш бізді жеңіске әкелмеді. 

Қазақстандықтар келесі матчты 2 қыркүйекте Египетке қарсы өткізеді.