Али Махулбеков Паралимпиада ойындарының 1/16 финалында жарыс жолын аяқтады Мейіржан Амангелдиев

Ол бельгиялық Марк Ледоға есе жіберді

Париж-2024 Паралимпиада ойындарының пара үстел теннисінен 1/16 финалында Али Махулбеков Бельгиялық Марк Ледомен кездесіп, 1:3 есебімен қарсыласына есе жіберді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Осылайша Али Париж-2024 Паралимпиада ойындарында жарыс жолын аяқтады.

Айта кетсек, Қазақстан паралимпиада ойындарына пара үстел теннисі бойынша алғаш рет қатысты.