Камбэктің көкесі АПЛ-де: Ойынның 87-ші минутында үш гол соққан команда Getty

«Борнмут» командасы сырт алаңда «Эвертоннан» айласын асырды

Англия премьер-лигасы аясында «Борнмут» пен «Эвертон» командалары бақ сынасты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Ойынның 87-ші минутына дейін 0:2 есебімен жеңіліп келе жатқан «Борнмут», намысты қолдан бермей соңғы қалған минуттарда таң қаларлық камбэк жасады.  Антуан Семеньо 87-ші минутта есеп ашса, қосымша берілген уақыттың екінші минутында Льюис Кук және алтыншы минутында Луис Синистерра үздік нәтиже көрсетті.

Нәтижесінде, «Эвертон» АПЛ турнир кестесінің ең соңғы орынында тұр. Ал, «Борнмут» сегізнші позицияға жайғасты.