Қуат Хамитов WBC белбеуі үшін күш сынасады Instagram @kuat__khamitov

Ол шаршы рингте отандасымен кездеседі

Алматы қаласында, 28 қыркүйек күні қазақстандық файтерлер шаршы алаңда WBC белбеуі үшін күш сынасады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Атышулы файтер Қуат Хамитов өзінің отандасы Нұрберген Шариповпен кездеседі. Бұрын соңды бұл белбеу үшін  Джейк Пол мен британдық боксшы Том Фьюри жұдырықтасқан еді. 

"Біз WBC-пен келістік. Олар біздің шарамызға ерекше назар аударуда. Хамитов пен Шариповтың жекпе-жегі үшін аранйы белбеу де дайындады. Қазақстандық файтерлер бокс шарттары бойынша 6 раундтық жекпе-жек өткізеді. Дәл осындай белбеу үшін кезінде Джейк Пол мен Том Фьюри жұдырықтасқан болатын",- деді Зия Алиев есімді промоутер.