Қазақстандық жасөспірім "Үлкен Дулыға" турнирін жеңіспен бастады Фото: Australian open

16 жасар Әмір Омарханов АҚШ-та триумф жасауда

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге АҚШ-тағы турнирді сәтті бастады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Жігіттер Атакан Карахан (Түркия) / Хоен Ро (Оңтүстік Корея) жұбымен бақ сынасып,  оларды 6:3, 3:6, 10:8 есебімен жеңіп кетті. 

Енді, келесі айналымда Денис Петак (Чехия)/Флинн Томас (Швейцария) жұбымен кездеседі.