Әлімханұлының жекпе-жегі қашан өтеді? ©x.com/trboxing

Қазақстандық боксшыға қатысты жаңа деректер пайда болды

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының кезекті жекпе-жегі барлық жанкүйерлер үшін үлкен қызығушылық тудыруда. WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы ретінде Жәнібек өзінің чемпиондық белбеуін қорғау үшін рингке қайта оралады,- деп хабарлайды Dopmedia.kz

Қазан айының 19-шы жұлдызы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та өтетін бокс кешінде өзінің тағатсыздана күтіп жүрген қарсыласы Андрей Михайловичпен күш сынасуы мүмкін. 

Айта кетейік, бұл жекпе-жек алғашында 14-ші шілдеге жоспарланған еді. Алайда, қазақстандық боксшы жаттығу залында өзін жайсыз сезініп, ауруханаға түскен болатын.