Көшпенділер ойындары: Қазақ күресінен финалистер белгілі Көшпенділер ойындарының дирекциясы

Жарыстың алғашқы күнінде спортшылар 8 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтауда

Бүгін, 9 қыркүйек бозкілемге ерлер 55, 60, 66, 74 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде шықса, әйелдер 48, 52, 56 және 60 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде бақ сынап жатыр. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Көшпенділер Ойындарының дирекциясына сілтеме жасап хабарлайды. 

Назарларыңызға алғашқы жарыс күнінің іріктеу кезеңінің нәтижесін ұсынамыз:

 -55 кг: Б.Төлепов (Қазақстан)\К.Оболбеков (Қырғызстан)

-60 кг: Е.Бакшиев (Әзірбайжан)\М.Берекетов (Қазақстан) -66 кг: Д.Тұқышев (Қазақстан)\М.Ширинов (Өзбекстан)

-74 кг: Е.Хасанов (Әзірбайжан)\Ж.Қожамбеков (Қазақстан) Әйелдер:

-48 кг: Л.Асакеева (Қырғызстан)\А.Жылқыбаева (Қазақстан) -52 кг: С.Муродова (Өзбекстан)\Н.Азаматова (Қазақстан)

- 56 кг: А.Фатихова (Ресей)\Р.Нұрмахамметова (Қазақстан)

-60 кг: Б.Құсақбаева (Қазақстан)\С.Лнияни (Польша)

Финалдық белдесулер сағат Астана уақытымен сағат 16:00-де басталады. Қазақ күресінен жарыстар Qazaqstan телеарнасында тікелей эфирден көрсетіледі. Қазақ күресі бойынша жарыстар Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек спорт сарайында өтуде.