Түркия Суперкубогы: Айымбетов алғашқы ойынын өткізді Ашық дереккөзден алынған

Қазақстандық шабуылшының ойыны қалай бағаланды?

Қазақстандық шабуылшы, "Адана Демирспор" футбол клубының ойыншысы Абат Айымбетов Түркия Суперкубогы аясында биылғы маусымның алғашқы ойынында өнер көрсетті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Айымбетов ойынның 67-ші минутында алаңға Хосе Родригестың орынына шықты. Берілген уақыт ішінде  Flashscore сайтынан Абат 6.3 деген ұпай алды. 

Қарсылас қақпаға гол соққан Юсуф Барасидың деңгейі 7.0 ұпайды құрайды. 

29-жасар қазақстандық шабуылшы "Адана Демирспор" клубымен ақпан айынан бастап келісімшартқа отырды.