Роналдудың оқырманы АҚШ халқының санынан да көп Фото ашық дереккөзден. Суретте: Криштиану Роналду

Роналду тағы бір рекорд орнатты

Португалия құрамасының шабуылшысы және "Әл-Наср" клубының ойыншысы Криштиану Роналду жаңа тарихи жетістікке жетті – оның әлеуметтік желілеріндегі жазылушыларының саны 1 миллиардтан асты. Бұл туралы футболшы Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Роналдудың 1 миллиард жазылушысы алты түрлі әлеуметтік желіде тіркелген:

Instagram (639 миллионнан астам жазылушы)

Facebook (170,5 миллионнан астам)

X (бұрынғы Twitter – 113 миллионнан астам)

YouTube (60,5 миллионнан астам)

Kuaishou (9,3 миллионнан астам)

Weibo (7,5 миллионнан астам)

Осылайша, Роналду тарихқа әлеуметтік желілерде ең көп жазылушы жинаған алғашқы спортшы ретінде енді.

“Біз тарихқа ендік – 1 миллиард жазылушы! Бұл жай ғана сан емес, бұл ортақ құштарлығымыз бен ойынға деген махаббатымыздың көрінісі. Мен әрқашан Мадейра көшелерінен бастап әлемдік сахналарға дейін өз жанұям мен сіздер үшін ойнадым. Енді біз бірге 1 миллиардпыз. Сіздер менімен әр қадамда бірге болдыңыздар. Бұл саяхат – біздің ортақ саяхатымыз, және біз бірге шексіз мүмкіндіктерге қол жеткізе алатынымызды дәлелдедік. Маған сенім артқандарыңыз, қолдауларыңыз бен өмірімнің бір бөлігі болғандарыңыз үшін рахмет. Алдағы уақытта біз бұдан да үлкен жеңістерге жетіп, тарих жазуды жалғастырамыз", - деді Криштиану Роналду.

Бұған дейін де ол YouTube платформасында рекорд жаңартып, небәрі 90 минут ішінде 1 миллион жазылушы жинаған болатын.