Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындары қыркүйек айының 8-13 аралығында өткен болатын
Түркия Республикасының ұлттық күрес түрлерінің жетекшісі Мехмет Эмин Бай Астана қаласында өткен 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындарына қатысты жеке пікірін білдірді,- деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.
Біз бауырлас халықпыз. Әзірбайжаннан басқа мемлекеттермен қатты таныс емес едік. Әзірбайжан біз үшін екінші мемлекетіміздей. Оны өзімізден ешқашан бөлек санамаймыз. Көшпенділер Ойындарының арқасында өзге түркі тілдес мемлекеттермен танысып, бауырларымызды тауып жатырмыз! Қазақстан мен Қырғызстан біз үшін ыстық",- деді Эмин Бай
Түркия Республикасы алты медальмен жүлде кестесінде 5-ші орынға жайғасты. Олардың қоржынында: екі алтын, күміс және қола жүлделер бар.
-
9 қазан, 2024
Спортшы Айша Уәлишанның құлдықта адам ұстағаны рас па?