Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері мәлімдеме жасады
Азия чемпионаты басталмай тұрып, бокстан ұлттық құрама командасында бірқатар өзгерістер еңгізілуі мүмкін,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.
Құраманың бас бапкері Қайрат Сатжановтың айтуынша, Айбек Оралбай 92 келі салмақ дәрежесінен жоғары деңгейде жұдырықтасса, Махмұд Сабырхан 57 келіден 54 келіге дейін түседі.
"Азия чемпионатына ең мықты деген боксшыларды апарамыз. Олардың кейбірі өз салмақ дәрежелерін ауыстырады.
Көбіне назарымызды ең мықты боксшыларға бұрамыз. Олар: 48 келі салмаққа дейін күш сынасатын Санжар Ташкенбай мен Теміртас Жүсіпов. Сонымен қатар, 51 келі салмаққа дейін рингке шығатын Сәкен Бибосынов пен Дамир Әбдіхалықов та бар.
Махмұд Сабырхан 54-келіге түскісі келетінін өзі айтты. Серік Теміржанов 60-келіге ауысады. Қамшыбек Қоңқабаевты да бақылайтын боламыз. Ол 92-келіде немесе одан жоғары салмақта да өнер көрсетуі мүмкін",- деді Сатжанов.
Азия чемпионаты Иорданияда 30-шы қараша мен 12-желтоқсан аралығында өтеді.
-
27 қыркүйек, 2024
Қазақтардан жеңілген Роналдудың жерлестері жылап қайтты (видео)
-
27 қыркүйек, 2024
"Бұл Өзбекстан мен Бразилияның жеңісі": бас бапкер ерекше пікір білдірді
-
27 қыркүйек, 2024
Геннадий Головкин бас хатшысын тағайындады: ол кім? (фото)