Біржан Оразов ұлттық құрама сапындағы мерейтойлық матчын өткізді Meta-ratings.kz. Суретте: Біржан Оразов

Біржан Оразов ұлттық құрамада алғаш 2017 жылы ойнаған

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Біржан Оразов Испаниямен өткен әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі алғашқы турында (1:1) өз мансабындағы 60-шы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Аягөз футбол мектебінің түлегі Біржан Оразов Қазақстан құрамасы сапында алғаш рет 2017 жылы 6 ақпанда Беларусьпен өткен жолдастық кездесуде (0:1) Алматыда дебют жасады. Өзінің мерейтойлық матчында Оразов Испания қақпасына ХХІ ғасырдағы ең жылдам голды соғып, 5-секундта есеп ашты. Қазіргі уақытта ұлттық құраманың сапында ол 29 голдың авторы.

Біржан Оразов – 2018 және 2022 жылдардағы Еуропа чемпионаттарының қатысушысы, студенттер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2021 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалисі және Еуро-2022 турнирінің үздік сұрмергені.