Қазақстандық қорғаушы бразилиялық легионермен тіресіп қалған
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы, ресейлік "Зенит" футбол клубының ойыншысы Нұралы Әліп "Матч ТВ" порталына берген сұқбатында өзін ұстай алмай қалғанын мәлімдеді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
РПЛ ойындарының 8-ші туры аясында "Зенит" пен "ЦСКА" командалары кездесті. Қазақстандық ойыншы Нұралы Әліп қарсы команданың бразилиялық легионері Мойзеспен сөзге келіп қалған еді.
Аса мән аударатындай ешнәрсе болмады. Ойын үстінде пайда болған эмоция. Бәрі бұрыштамадан доп тебетін кезде басталды. Мойзес мені өзімен-өзі итере бастады. Сол кезде қаным қайнап кетті. Кейін, допты теуіп ойнай бердім. Арбитрге бір қарап, қателік бар ма деп сұрадым. Ол белгі бермеді. Сосын, "а-а-а-а" деп айқайлап, эмоциям шығып кетті",- деді Әліп.
Мойзеспен орын алған жағдайдан кейін, екі ойыншыға да сары қағаздан берілді.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?