«Романың» жұлдызын жаққан Де Росси отставкаға кетті
Италиялық маман Даниэле Де Росси «Рома» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Римдік клубтың баспасөз қызметі: «Клубтың шешімі команданың мүддесі үшін қабылданды, өйткені маусым әлі ерте кезеңде және біз қалаған бағытқа мүмкіндігінше тезірек оралуымыз қажет», – деп мәлімдеді.
Де Росси биылғы жылдың қаңтар айында «Романың» бас бапкері болып тағайындалған еді. Оның жетекшілігімен клуб А сериясында өткізген 4 ойында 3 ұпай ғана жинаған.