Орал қаласына әлі әкім келмеген тұста Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында төмен нәтиже көрсеткен бұрынғы Спорт және туризм министрі Ермек Боранбайұлы Маржықпаев премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды.
Орал қаласында екі айдан астам уақыт бойы әкім жоқ. 22 шілдеде бұрынғы қала әкімі Миржан Сатқанов денсаулығына байланысты қызметінен өз еркімен отставкаға кетті. Екі жылға жуық қаланы басқарған Сатқановтың соңғы уақыттары ауруханада емделіп жүргені белгілі болған еді.
Әкімнің отставкасынан кейін екі айдан астам уақыт өтсе де, әлі күнге дейін жаңа әкімнің есімі жарияланған жоқ. Қазіргі уақытта әкімнің міндетін уақытша Жандос Дүйсенғалиев атқаруда.
Облыстық әкімдікте де жаңа әкімді тағайындау мерзімі және оны кімнің тағайындайтыны туралы ақпарат жоқ. Әкімді халық сайлай ма, әлде әдеттегідей жоғарыдан тағайындала ма деген сұраққа да жауап берілмеді.
Тұрғындар арасында жаңа әкімге қатысты көптеген пікірлер мен ұсыныстар айтылып жатқанымен, ресми органдардан нақты шешім күтілуде.
Орал қаласына әлі әкім келмеген тұста Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында төмен нәтиже көрсеткен бұрынғы Спорт және туризм министрі Ермек Боранбайұлы Маржықпаев премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды.
-
9 қазан, 2024
Спортшы Айша Уәлишанның құлдықта адам ұстағаны рас па?