Балуан алдағы уақытта отбасына көңіл бөлетінін айтты
Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев алдағы спорттық мансабына қатысты өз ойын айтты, деп Dopmedia.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Грек-рим күрес шебері Демеу Жадыраевтың айтуынша, ол өз болашағы туралы әлі нақты шешім қабылдамады.
«Қазіргі бар уақытым отбасыма арналуда. Жаттығу, жарыс деп, жанұямнан үнемі жырақта жүрдім.
Үйге келіп, қайтадан жаттығуға жиналатынмын. Енді осы олқылықтың орнын толтырып, жақындарыма уақыт арнаудамын.
Келесі Олимпиада туралы әлі ойланғаным жоқ. Спорттық мансабыма қатысты шешім қабылдамадым», – деді Демеу Жадыраев.
Айта кетейік, Демеу Жадыраев грек-рим күресінен 77 кг салмақта Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.
-
4 қазан, 2024
Әлімханұлы VS Михайлович: салмақтары жекпе-жекке сай ма?
-
4 қазан, 2024
Месси мен Роналду қайта кездеседі: Қашан?
-
2 қазан, 2024
Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
-
30 қыркүйек, 2024
Футзалдағы жеңіліс. Толық анализ. Қазақстан-Аргентина (1:6)